Жарияланған күні: 19.07.2018 11:45
Өзгертілген күні: 19.07.2018 11:47

Демалыс уақыты басталысымен павлодарлықтардың көбі демалуға шет елге барады. Демалысқа барарда біз қандай көлемде қаражат, қандай валютада немесе халықаралық төлеу карточкаларын қолданамыз ба – осының бәрін алдын-ала дайындаймыз. Шекарада түрлі кездейсоқ жайттарға тап болмау үшін, шекара өту кезіндегі нормаларды білу қажет.    

Қазақстан Республикасы және  ЕАЭО елдері кеден заңнамаларының шарттарын сақтаған тұста,  ұлттық және шетел валютаның кіруін және әкетілімін, сондай-ақ құжатнамалық бағалы қағаздарды және төлеу құжаттарды, резидент пен бейрезиденттер үшін еш шектеусіз, кедергісіз іске асырылады.

Жеке тұлғалар кедендік рәсімдеусіз қолма-қол ұлттық және шетел қаражатын, (асыл металдардан соғылған мәнеттен (шақадан) тыс) сонымен қатар, жол-жүру түбіртектері жалпы сомасы тең немесе он мың АҚШ долларын құрап, одан аспаған тұста оны әкелуге немесе әкетуге құқығы бар.

Он мың АҚШ долларынан асқан жағдайда ол міндетті түрде кедендік рәсімдеуге жатады. Тек, ЕАЭО елдері кедендік аумағында  немесе оның құрамдас бөлігі бар елдерге кіруі және әкетілімі жатпайды.

Кедендік рәсімдеу – кедендік мағлұмдаманы  жазбаша толтырып  ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Онда қаражат пен жол-жүру түбіртектерінің шығуы мен неге арналғанын көрсету керек.

Шекара арқылы өткізілетін қолма-қол ақшаның тәртібін есте сақтау қажет:

  1. Егер Сіздер ЕАЭО елдеріне жол жүретін болсаңдар, шетел қаражатының кіруі мен  әкетіліміне ешқандай шектеу жоқ. Сіздер тек қана шекара бақылауынан өтесіздер.
  2. Егер Сіз басқа елге ЕАЭО шекарасы арқылы осы 5 ел арқылы өтетін болсаңыздар,-  олар Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей шекаралары арқылы, осы тұста Сіз жеке тұлғалардың Кеден шекарасы арқылы өту тәртібінің Келісімшартына сәйкес, он мың АҚШ долларынан асқан жағдайда ол міндетті түрде кедендік рәсімдеуге жатады. Кедендік мағлұмдама  жазбаша толтырылады.
  3. Халықаралық төлеу карточкаларының тиімділігі – онда қанша қаражат болса да, оны рәсімдеудің қажеті жоқ.
  4. Әр елдің валютаны әкелу мен әкетілімінің тәртібі әр түрлі. Сол себепті, бара жатқан елдің, валюталық ережесімен алдын-ала танысқан абзал.  

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша құралдарын  алып өту тәртібін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының  «Тауарлардың, колма-қол ақша құралдарын, қаражат құралдарын, кедендік құжаттарда шынайы емес  кедендік рәсемдеу кезінде  мағлұмдалмаған немесе қате мағлұмдалған » бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 551 бабының 3бөлімімен әкімшілік жауапкершілік, сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 234 бабы бойынша  «Экономикалық контрабанда»  қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті