Жарияланған күні: 15.01.2021 18:20
Өзгертілген күні: 15.01.2021 18:21

ҚРҚМ МКК 15.01.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00-ден бастап 16.01.2021 жылдың сағат 00:15-ке дейін «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің өнімдік ортасына бұрын тек тесттік ортада орналастырылған тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) функционалын енгізуге байланысты жұмыстар жүргізілетінін салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ді қалыптастыруды ЭШФ АЖ-да мынадай сілтемелер бойынша жүзеге асыру қажет:

1) WEB қосымшасы үшін: https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login

2) API қызметтері үшін: https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-1

ТІЖ рәсімдеу барысында сұрақтар туындаған жағдайда ЭШФ АЖ қолдау қызметіне esfsd@mgd.kz туындаған қателіктің экран бейнесімен бірге хабарласу қажет.

ЭШФ АЖ тіркелу мәселелері бойынша ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында "ЭШФ АЖ"бөлімінде  (файлдар: "1. ЭШФ АЖ бастапқы тіркеу", "2. ЭШФ АЖ басшы ауысымын тіркеу", " 3. ЭШФ АЖ меншік нысаны ауысымын тіркеу") орналастырылған нұсқаулықтарды пайдалануыңызды сұраймыз.