Жарияланған күні: 28.11.2023 17:06
Өзгертілген күні: 28.11.2023 17:07

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары бюджетті 27 миллион теңгеге толықтырды.

Кедендік бақылау өткізу кезінде тасымалданатын тауарлар мен олардың нақты сипаттамалары арасында сәйкессіздік анықталды.

Жүргізілген кедендік сараптаманың нәтижесінде құрамында биодизелі жоқ, кедендік баж салығы тоннасына 30 долларды құрайтын декларацияланған тасымалданатын мазут, іс жүзінде кедендік төлемі 60 долларды құрайтын басқа сұйық отынға жататын өнім болып шықты.

Мамандарға бұл фактіні анықтау назарын тәуекел деңгейі жоғары аймақтарға шоғырландыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) арқасында мүмкін болды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы