Жарияланған күні: 04.03.2024 16:44
Өзгертілген күні: 04.03.2024 16:45

 

Екібастұзда Павлодар облысының Мемлекеттік кірістер органдары мен полиция басқармасының қызметкерлері бірлескен рейд кезінде ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей мұнай өнімдерін тасымалдаудың фактісін анықтады.

"В" кәсіпорны тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеусіз шамамен 2 млн.теңге сомасына 5,5 тоннаға жуық дизель отынын тасымалдады. Осы құқық бұзушылық бойынша материалдар сотқа жолданды.

ТІЖ-ді ресімдемегені үшін кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін естеріңізге саламыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы