Жарияланған күні: 13.03.2024 16:23
Өзгертілген күні: 13.03.2024 16:28

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша вебинар өткізілді, оған жүзге жуық бизнес өкілдері қатысты.

2024 жылдың 1 қаңтарында Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін басталған жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі вебинардың басты тақырыбы болды.

- Салық кодексінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері 71-тарауда регламенттелген. Декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысанындағы жеке тұлғаның «Активтері мен міндеттемелері» туралы бастапқы (кіріс) декларация ұсынылады, кейіннен жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістері мен мүлкі» туралы декларация табыс етіледі. Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі.                    2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялауға заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары кірді, – деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басшысы Галина Бирюкова.

Осындай вебинарлар апта сайын, сәрсенбі күні сағат 11.00-де өтеді. Zoom вебинарына конференция идентификаторы арқылы қосылуға болады: 571 463 9970, кіру коды: 123456.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы