Жарияланған күні: 14.08.2018 15:08
Өзгертілген күні: 14.08.2018 15:10

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында (бұдан әрі – МКБ)  салық заңнамасындағы жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу туралы түсініктеме беретін баспасөз мәслихаты болып өтті.

«Жеке тұлғалардың ақпаратын өңдеу және қабылдау орталығы» бөлім басшысы Мақсұт Қаңтарбаев өз сөзінде, Салық кодексінің 515 және 533 баптарына сәйкес, мүлік және жер салығын төлеу бойынша салық кезеңі 1-қаңтар мен 31 желтоқсан болып саналады деп айқындады. Ендеше, 2017 жыл үшін аталмыш салықты төлеу қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіліп жатыр, сонымен қатар Павлодар қаласы тұрғындарына хабарламаларды тарату өткізілуде.  Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу туралы есептелінген салықты 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеу қажет.

Сонымен қатар, Мақсұт Қаңтарбаев «WhatsApp» жүйесінде таралған мүлік және жер салығынан зейнеткерлер босатылады және оларға  алдында төленген сомалар қайтарылады деген шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа өз пікірін білдірді.

Жасына қарай зейнеткерлер жоғарыда көрсетілген салықтардан босатылмайды, оларда 1000(2269*1000=2 269 000теңге) АЕС көлемінде меншік құқығындағы салық салуға жататын барлық объектілерінің жалпы құнына жеңілдік көрсетілген. Егер мүлік бағасы жеңілдікті санатқа жатып, жоғары көрсетілген сомадан аспаса, салық төлеуші салықты төлемейді. Егер асып жатса, салық төлеуші салықты артықшылықтар мөлшерінен асып түсетін сомадан төлейді. Мысалы, бағасы 3 783 213 теңге тұратын 2-бөлмелі пәтерде зейнеткер жеке тұрады,  соманы шегергеннен кейін – 2 269 000 салық салу базасы 1 514 213*0,05% теңге, салық сомасы – 757 теңге құрайды. ҰОС ардагерлері мен оларға теңдестірілген адамдар, артқы жұмысшылар, мүгедектер 1500 АЕК МРП (2269*1500=3 403 500теңге) көлемінде. Ендеше, зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер оларды толықтай салық төлеуден босатпай, тек салық сомасын кішірейтеді, - деді «Жеке тұлғалардың ақпаратын өңдеу және қабылдау орталығы» бөлім басшысы.

Павлодар облысы бойынша МКБ түсіндіру жұмысы басқармасы