Дата публикации: 10.03.2016 11:57
Дата изменения: 10.03.2016 11:57

 Мемлекеттік кірістер органдары жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болып салық және бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету және көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыс жүргізу болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түсім жоспары 105,5 %-ға орындалды,  болжам көрсеткіші 156,2 млрд. тенгенің орнына бюджетке нақты 164,7 млрд. тенге салықтар мен алымдар түсті, яғни 8,5 млрд. тенгеге асыра орындалды.      

Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуінің өсімі салықтық әкімшілендірудің сапасын арттыру нәтижесінде, бақылау-экономикалық жұмыстарды күшейту және мемлекеттік органдармен өзара жұмыла жұмыс жүргізудің нәтижесінде қамтамасыз етілді. Мемлекеттік кірістер органдары жыл бойында салық есептіліктер нысандарына салық есептіліктерін терең және дәлдеп салыстыруға мүмкіндік туғызатын камералдық бақылауды іске асырды. 

Сонымен камералдық бақылау бойынша жіберілген хабарламалардың нәтижесінде салық төлеушілер 2,4 млрд.тенгеге қосымша салық есептіліктер нысандарын тапсырып соның нәтижесінде 1,9 млрд.тенгенің салықтары бюджетке қосымша түсуі қамтамасыз етілді.

Облыстың бірқалыпты экономикалық өсуі, жаңа инвестициялық объектілерді іске қосу, сонымен қатар «Бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдердің қосымша резервтерін анықтау бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру қосымша 5 037,7 млн.тенгенің түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.   

Хронометраждық зерттеулер мен өткізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қосымша 256,1 млн. тенгенің кірісі көрсетілген және жалдамалы жұмыскерлері бойынша салығы есептелінген декларациялар тапсырылды.   

Өткен жылы 3329 салық тексерістері жүргізіліп қосымша 7 798,0 млн. теңгенің салығы есептелінді. Одан басқа мемлекеттік кірістер органдары 2 207 салықтық зерттеу жүргізді, соның нәтижесінде 375 салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылды.

   Кеден саласы бойынша Департамент жұмысының нәтижесіне тоқталсақ, 2015  жылы сыртқы сауда айналымы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының негізгі үлесі - 57% экспорт болды ал 43% импортты құрады.

Жалпы 2015 жылы республикалық бюджетке 14 499,0  млн.тенгенің кедендік төлемдері мен салықтарының түсімі қамтамасыз етілді. Департамент жұмысының көлемінде енгізілген тауарлардың кедендік құнын кедендік әкімшілендіру барысында 2015 жылы бюджетке қосымша 340,9 млн.тенге кедендік төлемдері мен салықтары түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 59 %-ды құрады.

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазартудан өткізу уақыты өткен 2014 жылмен салыстырғанда импорт бойынша 2 сағат 29 минутке, экспорт бойынша 54 минутқа қысқарды.

2015 жылы тауарларды классификациялаудың дұрыстығын бақылау нәтижесінде бюджетке қосымша 55,3 млн.тенгенің кедендік төлемдері мен салықтары есептеліп бюджетке өндіріліп алынды.   

Экономикалық тергеу жүргізу қызметінің негізгі басты бағыттары болып табылатындар: заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу саласында, ойын бизнесі, жалған кәсіпкерлік және заңсыз банкроттыққа, жалған ақша жасау, заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымында, контрафакталық және балық өнімдері, мұнай және мұнай өнімдері, түсті және қара металл сынықтары салаларында заңсыздыққа жол бермей алдын алу және тергеу жүргізу.

Экономикалық тергеу жүргізу қызметі бизнеске жайлы жағдай және дамуына мүмкіндік туғызатын заңсыз тексерістер жүргізуге жол бермеуге, қауіпті басқару жүйесін пайдалануға көшу және аса бір ерекше жағдайларда ғана қылмыстық қудалау жасауға бағытталған.

Заңсыз кәсіпкерлікпен күрес мәселелері бойынша  143 қылмыстық іс тіркеліп, 82 қылмыстық іс өндірісі аяқталды. Бұл қылмыстық істер бойынша келтірілген зиянның көлемі 2 519,1 млн. тенгені құрады. 31 заңды тұлғаның тіркелгені және қайта тіркелгені заңсыз деп табылды, 14 заңды тұлғаларға қатысты тіркелгені мен қайта тіркелгенін  заңсыз деп табу туралы ұсыныс проокуратураға жіберілді. 

Салықты төлеуден жалтарып  мемлекетке зиян келтіруге жол бермеу мақсатында 2015 жылы зиян жобасы 20,3 млрд.тенгені құрайтын 93 қорытынды жасалды.

Банкротттық бойынша 31 қылмыс тіркелді, соның ішінде 26  қылмыстық іс қасақана банкроттық бойынша, конкурстық басқарушыларға қатысты банкроттық процедура жүргізгенде заңсыз іс-әрекеттер үшін 3 қылмыстық іс және кәсіпорынды банкроттыққа жеткізгені үшін 2 факті. Кейбір қылмыстық істер бойынша соттың үкімі шықты.

Жалған ақша жасау бойынша 97 іс болатын, оның 62 бойынша іс қозғалды, қолдан жасалған 10 000 теңгелік номиналды банкноттарды сатумен (барлығы 33 эпизод) айналысатын қылмыстық топ анықталып, олар тұтқындалды, қылмыстық іс сотқа жіберіліп олар бойынша үкім шығарылды.  

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында шаралар қолданылды, осы бағытта 74 қылмыстық іс тіркелді, 36 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 41 117 дана алкоголь өнімдері тәлкіленді.

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 2015 жылы 43 іс қозғалып 35 іс сотқа жіберілді, заңсыз айналымнан 220 тоннадан аса мұнай өнімдері тәлкіленді. Экономика саласында басқа да заңсыздықтар анықталып тиісті шаралар қолданылды.

Одан басқа жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 4 азамат 300 млн. теңгені құрайтын айғақпен (қол ақша жасау және жалған жот-фактуралар жазып беру) ұсталды. 37 салық төлеушілер бойынша материалдар жұмыс үстінде, оларддың 26 бойынша қылмыстық іс қозғалды және  7 салық төлеушілер бойынша соттың үкімі бар.

    Қорытындылай келгенде, облыстың мемлекеттік кірістер органдары өз жұмысында салық төлеушілерге мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге ерекше көңіл бөлетінін атап өту керек. 2015 жылы салық төлеушілерге 575 367 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік қызметке электронды түрде жүгінгендерге «электронды үкімет» порталы және ведомстволық портал арқылы 460 021 қызмет көрсетілді, немесе 80%, қағаз жүзінде мемлекеттік қызмет алуға жүгінгендер саны 90891 қызмет, немесе  15%, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы  көрсетілген қызмет саны 179.  

Салық қызметінің сапасын көтеру бойынша жұмыстар  бірнеше стратегиялық бағытта жүргізілуде, солардың бірі «Салық төлеушілерге қызмет көрсету жағдайын жақсарту»  болып табылады. Салық төлеушілерге қызмет көрсету процессін ұйымдастыру мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарында әрбір маманның салық төлеушілерге қызмет көрсету жылдамдығы туралы ақпарат кезекті электронды түрде басқару жүйесіне енгізілуде. Электрондық кезек Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында орнатылды және бұл салық төлеушілерге көрсетілетін қызмет сапасын көтеруге тағы да бір қадам болды.