Date of publication: 06.04.2022 15:47
Date of changing: 06.04.2022 15:52

Қазақстан заңнамасына сәйкес банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.

Банкроттық ерікті немесе мәжбүрлі түрде мүмкін.

Борышкердің сотқа берген өтініші негізінде банкроттық ерікті түрде жарияланады.

2014 жылғы 7 наурыздағы «Банкроттық және оңалту туралы» № 176-V ЗҚР Заңының 5- бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң) борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігі оның өзін банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

 Егер борышкердің міндеттемелері сотқа өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басына, сондай-ақ егер борышкер өтінішті күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басына оның мүлкінің құнынан асып кетсе, төлем қабілетсіздігі орнықты болып табылады.

Борышкер өзінің мүлкінің меншік иесі, ол үәкілеттік берген орган, құрылтай құржаттарымен үәкілеттік берілген заңды тұлға органы оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда оны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті, мүліктің құны кредиторлардың талаптарын толығымен қанағаттандыру үшін жеткіліксіз.

Банкроттықты тану несие берушінің несие берушілердің және соттың борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғау арқылы тарату туралы өтініші негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.

Заңның 5- бабы 2-тармағына сәйкес егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы кредитордың борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

Әрі қарай, борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін өтемеуі кредитордың салықтық және кедендік төлемдер бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

берешекпен жұмыс жөніндегі басқармасы