Date of publication: 05.10.2016 17:51
Date of changing: 05.10.2016 17:51

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметшінің басты құралы» тақырыбындағы қызметке жаңа қабылданған жас қызметкерлер арасында конкурс ұйымдастырылды. Конкурсқа 8 жас мамандар қатысты. Сайысқа қатысушылар өздерін мемлекеттік тілде таныстыру, мақал-мәтелдер айту, мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару, өлең оқу және тілге қатысты басқа да сайыстар бойынша өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен, жарыста бірінші орынға Аудит басқармасының бас маманыҚариполлин Әлібек Ахатұлы, екінші орынға  Жаңама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманыБөлекжанова Айжан Бөлекжанқызы және үшінші орынға Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманыАсаинова Мархаба Қайыржанқызы ие боды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.