
"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету үшін әзірленген.
"E-Salyq Business" пайдаланушылары арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылады.
"E-Salyq Business" пайдаланушысы болу үшін жеке кәсіпкерлер оны жүктеп, авторизациядан өтуі керек.
"E-Salyq Business" - те ЖК тіркеуге, салық салу режимін таңдауға, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға, ұзартуға және қайта бастауға болады, қосымша кассалық аппарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Салықтар мен төлемдерді осы қосымшаны қолдана отырып төлеуге болады.
Уақытты үнемдеңіз, "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын жүктеңіз!
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті