Date of publication: 04.01.2023 16:28
Date of changing: 04.01.2023 16:28

Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруді оңайлату шеңберінде Салық кодексінің 431 бабының 2 тармағына ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігіне ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерін 150 күнтізбелік күнінен      75  жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.

Сондай-ақ, өз тауарларын өндіретін өндірушілердің қайта өңдеу өнеркәсіптерін ынталандыру мақсатында, сыртқа тұрақты түрде әкетіп тұруды іске асыратын шарттардың орындалуына оңайлатылған тәртіпте қарамастан ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігіне Салық  кодексінің 434-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізілген.

Енгізілген өзгертулер, экспорттаушылардың айналым қаражаттарын толықтырып тұруларына ықпалын тигізеді, жалпы алғанда,еліміздің экспорттық потенциалын және экономика саласының басымдылығын дамытуға оңды әсерін тигізеді.

Осы өзгертулер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.