Date of publication: 11.01.2023 19:12
Date of changing: 11.01.2023 19:13

Түсінікті, ашық, әділ және тұрақты салық саясатын қалыптастыру үшін салық төлеушілерден осы процеcске белсенді қатысуын сұраймыз.

Осы реформалардың күрделілігі мен маңыздылығын ескере отырып, жаңа Салық кодексін әзірлеушілер проблемалық мәселелерді талқылау және олардың шешімдерін табу үшін салық төлеушілермен диалог пен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп кез келген форматта келіп түскен ұсыныстарды қарайды (салыстырмалы кесте немесе идеяларды).

Ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің атына немесе электрондық мекенжайға жіберуге болады  tax@economy.gov.kz, сондай-ақ Павлодар облысының Мемлекеттік кірістер органдарына.