Date of publication: 26.01.2023 11:19
Date of changing: 26.01.2023 11:21

         Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (бұдан әрі – МКД) аумақтық басқармалар басшыларының қатысуымен Ержан Тоқтархановтың төрағалығымен 2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

         Алқа барысында облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдары жұмысының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды және тапсырмалар берілді.

         Іс-шара барысында Ержан Тоқтарханов мемлекеттік кірістер органдарының кейбір көрсеткіштері бойынша негізгі жетістіктерін атап өтті.

2022 жылға арналған мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,2% - ға орындалды (жоспар 557 027,3 млн.теңге болған кезде 574 649,9 млн. теңге 17622,6 млн. теңгеге асыра орындаумен түскен), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,4% - ға немесе 168 199,6 млн. теңгеге өсіммен.

         Алқа қорытындысы бойынша аумақтық басқармаларға бюджетке салықтық және кедендік түсімдер жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру, салықтық және кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық шараларды қабылдау тапсырылды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы