
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері пиязды тасымалдайтын автокөлік құралдарының кетуіне жол бермеді.
2023 жылғы 28 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан 3 ай мерзімге пиязды әкетуге тыйым салынды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы №31799 бұйрығы).
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары тауарларды әкетуге тыйым салудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Павлодар облысының автомобиль өткізу пункттерінде пиязды әкетуге тыйым салынған сәттен бастап Жамбыл және Түркістан облыстарынан жалпы сомасы 5 544 000 теңгеге 200 тоннадан астам пияз тасымалдаған автокөлік құралдарының (АТС) 10 шығуына жол берілмеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында келесі тауарларды әкетуге тыйым салынуда:
1. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары (2022 жылғы 2 қарашадан 2023 жылғы 1 мамырға дейін жарамды);
2. Ағаш материалдарының жекелеген түрлері (2022 жылғы 9 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 маусымға дейін жарамды);
3. Автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері (2023 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 шілдеге дейін жарамды);
4. Тірі ірі қара, қой және ешкі (2022 жылдың 3 қыркүйегінен 2023 жылдың 2 наурызына дейін жарамды);
5. Автомобиль көлігімен тас көмірдің жекелеген түрлері (2022 жылғы 26 қыркүйектен 2023 жылғы 25 наурызға дейін).
Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша тыйым салу не шектеулер белгіленген тауарларды әкету бойынша бақылауды күшейту үшін автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы