
Павлодар облысында бюджетке берешек (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) 2023 жылғы 1 қаңтарға 23 млрд. теңгеден асты, 2022 жылмен салыстырғанда берешек 17 млрд. теңгеден астамға төмендеді.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кіріс органдары Салық кодексінің 116-бабына сәйкес салық берешегі бар салық төлеушілерге қатысты 2022 жылы жалпы сомасы 2,5 млрд.теңгеге бюджетке берешек өндіріп алды.
Салық кодексінің 116-бабына сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау мынадай тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін екенін еске саламыз:
1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы