Date of publication: 21.02.2023 17:27
Date of changing: 21.02.2023 17:28

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Ержан Тоқтарханов Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру болды.

Кездесу диалог форматында өтті, іс-шараға қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы