
Салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТНТ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі.
Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара сауда қатынасында экспорттық - импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ – нын міндеті түрде рәсімдеудің мерзімдерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.
ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-ға мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, атауының сәйкес келмеуі, ТІЖ тауарлар санының (көлемінің) анық көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.