
Көктемнің алғашқы меркелерінің бірі 8 наурыз шынымен де қуаныш пен жылулықты, адамға ең жақын ана, апа, әже, әпке, сіңілі, қарындастарға алғыс пен шынайы көңілден шыққан ізгі тілектерді сездіретін, жолдайтын мезгіл. Табиғаттың өзі оянып, ана тұлғасындағы барша жанды дәріптеуге, құрметтеуге шақырады.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ұстайтын тұлға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің, қоғам мен саясаттың мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Қайсы бір саланы алсақ та, сол салада әйелдің қосатын үлесі едәуір деп айтсақ, асыра айтпаймыз деп ойлаймын.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 103 нәзік жан адал қызмет етеді. Әр қайсысын алып жырласақ та, ауыз толтыра айтатын жандар. Алайда, бүгін біз, бір ерекше бітімімен көзге түскен, өзінің жан дүниесімен айналаны жарқырататын, қол ұшын беруге асығатын, адал әріптес туралы айпақпыз. Бұл заң басқармасының бас маманы Романовская Галина Васильевна.
Галина Васильевна салық қызметіне 2003 жылы келді. Галина Васильевна салық істері бойынша құқыққорғау қызметін атқарып, сот істеріне қатысып, бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдердің түсуіне ат салысатын маман. Фунционалды міндеттерді адал атқарумен бірге, Департаменттің қоғам өміріне белсене қатысатын жан. Департамент ұйымдастыратын мерекелерде ән айту, би билеуде шетте қалмайтын әріптес. Іскерлігі, білімін жетілдіруге асығу, берген тапсырманы уақытылы және сапалы орындаумен бірге адамға тән басты қасиеті адамгершілігі мен айналысына адалдығы оны ерекшелендіреді. Жігітке жетпіс өнер де аз демекші, Галямыз спорт өнерінен де алшақ кетпеген, жыл сайын өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы шахмат сайсына талай қатысып, жүлделі орынға ие болған жан.
Мінезі көркіне сай, мерекелік дастарханда өз әзірлеген тағамдардан дәм таттырып, ешқашан өз жолынан таймаған әріптесіміз. Отбасына келсек, Камила қызын, Диас атты ұл тәрбиелеуде. Камила Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия мектебініің 10 сынып оқушысы, Диас №34 мектебінің гимназия сыныбының оқушысы.
Міне, жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген ниетпен, қарапайымдылығымен баурап алған, қатардағы қызметкер әріптесіміз туралы біраз мақтан етпекпіз. Осы мереке қарсаңында, Галина Васильевнаға және барша әріптес нәзік жандарға зор денсаулық, әйел, ана бақытын тілейміз, армандары орындалсын!
Құрметпен, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы