Date of publication: 09.03.2023 17:40
Date of changing: 09.03.2023 17:44

     

         Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "Террористік тұрғыдан осал объектілер басшылары мен персоналының, террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде күзет қызметі субъектілерінің іс-әрекеттері" тақырыбында семинар өтті.

         Іс-шара барысында ҰҚКД-ның Павлодар облысы бойынша терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері қатысушыларды күдікті адамдар мен заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібімен, кепілге алу кезіндегі мінез-құлық ережелерімен, мекемеде жарылғыш құрылғының бар екендігін көрсететін сипаттамалық белгілермен, сондай-ақ террористік актілердің жасалғаны немесе жасалу қаупі туралы хабарламалар түскен кездегі, жарылғыш құрылғылармен таныстырды.

         Семинарға бейнероликтер көрсетілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы