
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ZOOM платформасында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша кезекті вебинар өтті.
Вебинар спикері, Шарбақты ауданы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Зухра Жүсіпова іс-шараға қатысушыларға 2023 жылғы 1 сәуірден бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды импорттау/экспорттау кезінде "Виртуалды қойма" модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттемелердің күшіне енуі туралы айтып берді (Барлық бойынша "Виртуалды қойма"модулін қолданбай).
Департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Галина Бирюкова бизнес өкілдеріне ТІЖ ресімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік туралы еске салды.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы