Date of publication: 13.04.2023 17:29
Date of changing: 13.04.2023 17:31

Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті, оның басты тақырыбы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы"ҚР Заңы шеңберінде Қарыз алушының мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі болды.

Өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен брифингке Павлодар облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Роза Сейтбатталова және оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Жаслан Сержанов қатысты.

– 2022 жылғы 30 желтоқсанда мемлекет басшысы жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңға қол қойды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің 3 түрін көздейді: соттан тыс банкроттық; сот банкроттығы; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Павлодар облысында соттан тыс банкроттыққа (Мемлекеттік кіріс органдарына) 1400-ден астам өтініш берілді. Қазіргі уақытта 864 өтініш қаралды, оның ішінде 143 өтініш одан әрі жұмысқа қабылданды, 721 өтініш берушіге бас тартылды, – деп атап өтті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Роза Сейтбатталова.

Брифингке Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Павлодар қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері де қатысты.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы