
2023 жылғы 15 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 0302891070-тен, 0302720000, 0303240000, 0303891070-тен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.