
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТНТ-ны міндетті ресімдеу енгізілді.
ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-ға мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, атауының сәйкес келмеуі, ТІЖ тауарлар санының (көлемінің) анық көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.