
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес 2023 жылғы 2 мамырдан бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процесстері, салықтық және кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2023 жылғы 2 мамырға дейін a.nuralina@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.
Сұрақтарыңыз болса, 53-53-51 телефон нөміріне хабарласыңыз.
Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы