
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арызбен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа (МАЭС) жүгінді.
Талап-арыз мәмілелердің іс жүзінде орын алмағандығына және салық сомаларын азайту және оларды төлеуден жалтару мақсатында жасалғандығына негізделген.
Департамент мәмілелерге талдау жүргізді, ол "С" ЖШС тауар өндіруші және импорттаушы болып табылмайтынын көрсетті. Сонымен қатар, бастапқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес, тауар мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалардан сатып алынды.
МАЭС Павлодар облысының екі ірі жер қойнауын пайдаланушысына ("Богатырь Көмір" ЖШС және "Майкаинзолото" АҚ) жалпы сомасы 324,6 млн.теңгеге "С" ЖШС тауарларды жеткізуге арналған мәмілелерді жарамсыз деп таныды.
Павлодар облысы бойынша МКД заң басқармасы