Date of publication: 27.04.2023 17:49
Date of changing: 27.04.2023 17:50

Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі.

Бірінші кезең

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (1 кезең) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) декларация табыс етілген жылдың 1 қаңтарына болып табылатын мынадай жеке тұлғалар ұсынады:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар.

Екінші кезең

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларациялау.

Үшінші кезең

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын декларациялау.

Төртінші кезең

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялау.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті