Date of publication: 12.05.2023 16:07
Date of changing: 12.05.2023 16:08

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкованың қатысуымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ) мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын ашқан Галина Бирюкова ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу барысында бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстары талданды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша міндеттемелерді қайта қарау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде ТІЖ-ны түбегейлі оңайлату және ТІЖ-ны ресімдеу жөніндегі міндеттемелерге тартылған қатысушыларды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді және 2023 жылғы 1 сәуірден бастап ТІЖ-ны ресімдеу жөніндегі міндеттемелер мынадай тауарлар бойынша күшіне енді:

- «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;

- «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.

2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде (Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығы) ТІЖ міндетті ресімдеу енгізілгеніне назар аударғым келеді. Сондай-ақ, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы БАҚ өкілдерін ТІЖ бойынша жобаны енгізудің негізгі маңыздылығымен, оны енгізудің артықшылықтарымен және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Мәселен, ТІЖ енгізу есебінен жалпы ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС түсімдері 2022 жылы-56,4 млрд. теңгені құрады, 2021 жылға қарай 126% – ға немесе 11,8 млрд.теңгеге ұлғайды (2021 жылы-44,6 млрд. теңге). 2023 жылдың 4 айында импортқа 17,7 млрд. теңге сомасында ҚҚС түсімі қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың төрт айында автомобиль өткізу пункттерінде 57 мыңнан астам автокөлік құралдарына мониторинг жүргізілді (жалпы – 57 522 АТК, оның ішінде жүкпен – 37 261 АТК). 2023 жылдың басынан бастап пилоттық жоба бойынша жұмыс шеңберінде, сондай-ақ оны аяқтағаннан кейін ( 2023 жылғы 1 сәуірден бастап) автомобиль өткізу пункттеріндегі экспорттық бақылау қызметкерлері тауарларға 25 мыңнан астам ілеспе жүкқұжаттарды (25 632 ТІЖ) растады, оның ішінде: 19 404 ТІЖ – импорт бойынша және 6 228 – бойынша экспорттау. 1 сәуірден 10 мамырға дейін – 10 815 ТІЖ, оның ішінде импорт – 7 569, эксторт – 3 246 ТІЖ. Енгізілген өзгерістер ел ішінде тауарларды өткізу кезінде ТІЖ міндеттемелері бойынша қамтуды 16 есеге (80 мың СТ-ден 5 мың СТ-ге дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы