
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Тұяқовпен кездесу өтті.
Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Горяев ашып, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Департамент қызметкерлерімен кездесуде Бауыржан Тұяқов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және этикалық нормаларды сақтау мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Департаменттің салық төлеушілері мен мамандарын жеке қабылдады.
Сонымен қатар, Бауыржан Тұяқов Павлодар Екібастұз Ақсу қалалары мен Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының ұжымдарымен кездесуді жоспарлап отыр.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы