
Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық Спартакиада аясында үстел теннисінен жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты-спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау және танымал ету.
Жарысқа 17 команда қатысты. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті командалық есепте 5 орын алды.
27 қатысушы арасындағы жеке біріншілікте Павлодар қаласы бойынша МКБ-ның жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Салтанат Өтенова екінші орынды иеленді.
Салтанат Магавиевнаны және біздің команданы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
Қызықты фактілер. Үстел теннисінің тарихы 19 ғасырдың аяғынан басталады, 1926 жылы Халықаралық үстел теннисінің федерациясы құрылды, ал 1988 жылдан бастап үстел теннисі олимпиадалық спорт түріне айналды. Қазіргі уақытта үстел теннисі планетадағы ең танымал спорт түрлерінің бірі болып табылады және бұқаралық сипаты бойынша әлемде бірінші орынға ие.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы