Date of publication: 18.05.2023 14:59
Date of changing: 18.05.2023 15:00

Салық органдары салық берешегін төлемеген жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алудың түрлі шараларын қолданады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері 2023 жылдың басынан бастап 79 салық төлеуші-борышкердің мүлкін шамамен 2 млрд. теңгеге тізімдеді.

Тізімделген мүлік уәкілетті орган – "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға сатуға берілді, ол қазіргі уақытта сауда-саттық жүргізу әдісімен шамамен 138 млн. теңге сомаға мүлікті сатты. Жоғарыда көрсетілген сома бюджетке түсті.

Құрметті салық төлеушілер, салық міндеттемелерін уақтылы орындауды сұраймыз! Өзіңізді сізге тиесілі мүлікті мәжбүрлеп сатудың тәуекеліне ұшыратпаңыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы