
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мемлекеттік қызметшілер командасы волейбол бойынша жарыстарда көшбасшылар үштігінде.
Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық Спартакиада аясында волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты. Құрамында Дастан Арынов (ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасы МКД), Жасұлан Ахметжанов (Аққулы ауданының МКБ), Нұрсұлтан Балтабаев (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Арлан Бекеев (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Қанат Жүзбаев (Павлодар ауданы бойынша МКБ), Талғат Игликов (МКБ ұйымдастыру-қаржы басқармасы), Уәлихан Қарабалин (Павлодар қ.бойынша УДБ), Меруерт Тунабекова (Павлодар қ. бойынша УДБ), Салтанат Өтенова (Павлодар қ. бойынша УДБ) бар МКД командасы облыстық әкімдік аппараты мен ветеринария басқармасының командаларына орын беріп, құрметті 3-орынға ие болды.
МКД ұжымы біздің команданы тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтайды және одан әрі жеңістер тілейді!
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы