Date of publication: 23.05.2023 16:11
Date of changing: 23.05.2023 16:16

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті акцизделетін өнімнің көлеңкелі айналымын: лицензияның, акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалығын анықтау тұрғысынан облыс орталығында рейдтік іс-шараларды өткізіп жатыр.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 24 млн.теңгеден астам сомаға   10 мыңға жуық алкоголь өнімдері, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі 1000-нан астам темекі бұйымдары (кальянға арналған темекі) тәркіленді. 5 әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді.

Осындай рейдтік іс-шараларды өткізу облыстың барлық аудандары мен қалаларында жоспарланып отырғанына салық төлеушілердің назарын аударамыз.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орындарда алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға қажетті құжаттар: лицензия, алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар ресімделуі тиіс екенін еске саламыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы