
Құрметті салық төлеушілер! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті "Instagram" әлеуметтік желісінде "Салық және кеден мәселелері бойынша Кері байланыс" айдарын ашады.
Мұнда сіздер салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
Егер ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кезінде қандай да бір мәселелер туындаса немесе тез шешілуі қажет басқа да мәселелер болса, онда сіз осы айдарға өзіңіздің байланыс деректеріңізді (БСН/ЖСН, ЗТ немесе ЖК (тұрғылықты жері), кері байланыс үшін e-mail көрсете отырып, жүгіне аласыз.
Құрметті салық төлеушілер! Сіз өз сұрақтарыңызды пікір қалдыру жолында қалдыра аласыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы