Date of publication: 29.05.2023 15:16
Date of changing: 29.05.2023 15:17

Қазақстанның басқа қалаларында сияқты Павлодарда "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті, оның барысында кез келген адам білікті кеңес ала алды.

Іс-шараға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің сарапшы-консультанттары ретінде басшының орынбасары Рысбек Минаймбеков, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова және Заң басқармасының бас маманы Санжар Жүсіпеков, "Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің бас маманы Берік Кантарбаев қатысты, олар құқықтық көмек көрсетіп, салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша кеңес берді.

Акция барысында барлық сарапшы-консультанттар павлодарлықтардың көптеген сұрақтарына түсініктеме берді.

Акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, "Параграф" АЖ, Zakon.kz желілік басылымның, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты  –  құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету.

Халық заңгері 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты 2020-2021 жылдары мәжбүрлі үзіліс жасалды. 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік кеңес алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы