
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), әлеуметтік аударымдар (ӘА), төлеушінің әлеуметтік медициналық аударымдар және (немесе) жарналар (МӘМС) бойынша берешектерді өндіріп алуы Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің (төлеушінің) МЗЖ, МКЗЖ,ӘА, МӘМС бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы берешек сомасы туралы хабарламаларды жібереді.
Берешектерді өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
- өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің (төлеушінің);
- өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің (төлеушінің)банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
МЗЖ, МКЗЖ,ӘА, МӘМС бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент (төлеуші)– өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент (төлеуші) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.
Агенттердің (төлеушілердің) банктік шоттарынан МЗЖ, МКЗЖ,ӘА, МӘМС бойынша берешекті өндіріп алу агент (төлеуші) ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және МЗЖ, МКЗЖ,ӘА, МӘМС бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің (төлеушінің) тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Павлодар облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасы