Date of publication: 02.06.2023 18:58
Date of changing: 02.06.2023 18:59

"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

- Салық кодексінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері 71-тарауда регламенттелген. Декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысанындағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы (кіріс) декларация ұсынылады, кейіннен жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістері мен мүлкі туралы декларация табыс етіледі. Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай – ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялауға енді, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

Іс-шараға Павлодар қаласы кәсіпорындарының басшылары мен бухгалтерлері қатысып, іс-шараны ұйымдастырғаны және көптеген сұрақтарға жауап бергені үшін алғыс білдірді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы