Date of publication: 04.07.2023 11:47
Date of changing: 04.07.2023 11:49

      18 мыңға жуық павлодарлық-автокөлік иелерінің көлік құралдарына салынатын салық бойынша 800 млн. теңгеге жуық сомаға берешегі бар. Конституциялық міндеттерден жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Павлодар және Успен аудандарында тіркелген.

         Облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен көлік құралдары салығын жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі таңда бюджетке 2 млрд. теңгеге жуық түсті, салық базасы 2 млрд.700 млн. теңгеден асады.

         Салықты уақытылы төлемеген салық төлеушілерге салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі, оларды 30 жұмыс күні ішінде орындау тиіс. Орындалмаған жағдайда, салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады да салық төлеушіге жіберіледі және 5 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс, әйтпесе ол атқарушылық іс жүргізуді қозғау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін электрондық арна арқылы жеке сот орындаушыларының палатасына (ТЖК) жіберіледі.

         ТЖК палатасына мәжбүрлеп орындау үшін 666 млн.теңге сомасына 16 500-ге жуық салық бұйрықтары жіберілді, шамамен 505 млн. теңге өндірілді, қазіргі уақытта 160 млн. теңгеден астам сомаға 3500-ден астам материал орындалуда.

         Жеке сот орындаушыларымен, өз кезегінде, келесілер қамауға алынды:

         - жылжымайтын мүлік-1 060 борышкер;

         - көлік құралы, банктік шоттар, нотариаттық іс – әрекеттер жасауға тыйым салу-3 523 борышкер;

         - ҚР шекарасынан шығуға шектеу – 291 борышкер;

         - 5 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

         Сондай-ақ, көлік салығының берешегін пысықтау бойынша Мемлекеттік кіріс органдары полиция департаментімен және ТЖК палатасымен 250-ден астам бірлескен рейд жүргізді, нәтижесінде 100 мың теңгеден астам борышы бар 247 салық төлеуші бюджетке 48 млн.теңге төледі.

         Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақытылы төлеуге шақырады.

        

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы