Date of publication: 27.12.2016 16:01
Date of changing: 27.12.2016 16:03

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылдық болжамды бюджеттің барлық деңгейлері бойынша мерзімге дейін орындауын қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2016 жылғы 26 желтоқсан жағдайына мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық көрсеткіштерінің орындалуы 110,7 пайыз деңгейінде  немесе 209,205,7 млн теңге болжамында  231 585,8 млн теңге жиналды. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 149,5 пайызды құрды, қазынамызға 76 720,6 млн. теңге сомасына қосымша түсімдердің түсуі қамтамасыз етілді. 

Бюджетке түсімдердің өсу қарқыны бойынша облыстардың рейтингіне сәйкес, Павлодар облысы жетекшіорын алуда.

Түсімнің өсу қарқынының рекордтық көрсеткіші Мемлекеттік кірістер департаментіндегі үш қызметінің бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды деп білеміз (кедендік, салықтық және экономикалық тергеу қызметтері).

Алғаш рет мерзімге дейін жергілікті бюджетке түсімдердің болжамдық орындалуы қамтамасыз етілді. Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны  11 706,1  млн. теңгенінемесе115,9 пайызды құрады.

Сонымен қатар, бюджетке кедендік  төлемдер мен алымдардың  болжамдық көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді. Ағымдағы күнге жоспарлы көрсеткіштерінің рекордтық орындалуы 128 пайызға жетті. Болжам бойынша 14 703,5 млн. теңге  іс жүзінде 18 815,5 млн. теңге түсті, асыра орындалуы 4 112,1 млн. теңгегеқамтамасыз етілді.

Камералдық бақылау, салықтық және кедендік әкімшілендіру негізінде қосымша резервтерді іздестіру бойынша өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша 2016 жылғы 26 желтоқсан жағдайына бюджетке қосымша 3  млрд. теңгеден астам түсті.

Сонымен қатар, Департамент көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл бойынша жұмыс атқаруда, іс жүргізуде 506 қылмыстық іс болды, оның ішінде өндіріспен 334 қылмыстық іс аяқталды, 192 іс сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке 3 722,3 млн. теңгеге залал келтірілді, бюджетке 2 776,9 млн теңге сомасы қайтарылды, оның ішінде, 2 107,7 млн.тенге сомасына тыйым салынды ақшамен бюджетке аударылған сома  669, 2 млн. теңгені құрады.

«Wipon» мобилді қосымшаны қолданумен өткізіліп жатқан «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» науқаны бойынша, Павлодар облысының 1449тұрғыны 88 753 чек талап етіп  қатысты. Науқанның қорытындысы бойынша республикалық ұтысқагранд финалынабасты жүлде  -  Chevrolet маркалы автокөлікті СҚО тұрғыны иеленді.

Мүлікті жекешелендіру науқаны аяқталуда. 2016 жылғы 23 желтоқсан жағдайына,жалпы  облыс бойынша 1192 тұрғын объектісі, жалпы құны 1 882,6 млн. теңге, 3179 тұрғын емес объектісі, оның ішінде  441 коммерциялық объект жекешелендірілді. Жекешелендірілген тұрғын емес объектілердің сомасы 3 825,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде  2 308,7 млн. тенге коммерциялық объектілер.  Сонымен қатар, 22 003,5 млн.теңге сомасына ақша қаражаты жекешелендірілді. Шет елде бар мүлік бойынша 10 декларация ұсынылып жекешелендірілді, оның ішінде 9 тұрғын объектілерінен және 1 декларация заңды тұлғада қатысу бөлігін жекешелендіру бойынша жүргізілді.

Жұмыстағы жоғарғы көрсеткіштері және ұзақ жылғы адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 11 маманға мерейлік медальдар табысталып, 15 қызметкер құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды, Департаменттің барлық қызметкеріне сыйлықақы төленді.