Date of publication: 14.07.2023 12:51
Date of changing: 14.07.2023 12:52

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан), сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі 15 шілдеде аяқталатынын, бірақ 15 шілде демалыс күні болғандықтан, ұсыну мерзімі 17 шілде күні аяқталатынын еске салады.

 

Павлодар облысында екінші кезең шеңберінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың 80 мыңға жуық қызметкерлері декларациялауға жатады.

 

Сондай – ақ, декларацияларды электронды түрде ұсыну мерзімі 15 қыркүйектен кешіктірілмей жүзеге асырылатына назар аударамыз.

 

Электрондық түрде ұсыну тәсілдері салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-salyq azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы іске асырылады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы