
2023 жылдың 1 тамыздағы Павлодар облысының МКД РБ-да 246 773,4 млн. теңге сомасына салық төлемдерінің түсімдері қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 124,7% деңгейінде немесе 48 864,5 млн. теңгеге өсім қалыптасты. (2022 жылдың 7 айдағы нақты түсімдер 197 908,9 млн. теңге).
ЖБ-да 168 004,2 млн. теңгеге түсімдер қамтамасыз етілді. Өсу қарқыны 128,6% немесе (+)37 401,6 млн.теңгені құрады (2022 жылдың 7 айдағы нақты түсімдер 130 602,6 млн. теңге).