Date of publication: 10.08.2023 11:41
Date of changing: 10.08.2023 11:47

        Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Бирюкова Галина Васильевна облыстық радиода «Күн тақырыбына» хабарында сөз сөйледі.

       Ол өз сөзінде 2023 жылдың 7 айында облыстың мемлекеттік кірістер органдары жұмысының негізгі қорытындылары, болжамды көрсеткіштердің орындалуы және мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы айтты.

       Ол радио тыңдармандарының назарын кәсіпкерлер талқылаған өзекті тақырыптарға – мобильді аударымдарға шектеулер, жеке тұлғаларды E-salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы жолаушы кедендік декларациясына декларациялау мәселелеріне аударды. Telegram платформасында салықтық цифрлық кеңесші – SalyqBot туралы, сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың бюджетпен есеп айырысуларында бірыңғай жиынтық төлемді қолданудың аяқталуы және басқа да өзекті мәселелер туралы айтты.