Date of publication: 19.09.2023 12:59
Date of changing: 19.09.2023 13:01

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Мәмілелер мониторингін мемлекеттік кіріс органдары халықаралық іскерлік операцияларда мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларды байқау арқылы жүзеге асырады.

Есепті қаржы жылында жалпы сомасы кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайтын мәмілелер мониторингке жатады.

Мониторинг «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

000.10 және 000.20 мәмілелер мониторингі бойынша салық есептілігінің нысандары есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірілмей Мемлекеттік кірістер комитетіне электрондық түрде ұсынылады. 2023 жылғы салық есептілігін ұсыну міндеттемесі 2024 жылы туындайды.

Есептіліктің 000.10 және 000.20 нысандарын бұрын мониторингке жататын тек қана ірі салық төлеушілер ұсынған болатын.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабына сәйкес шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мерзімдерін бұза отырып ұсынбауы немесе ұсынбауы 100-ден 350 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғатынына назар аударамыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы