
Павлодар облысының 97 тұрғыны банкрот деп танылды, олардың 150 миллион теңгеден астам қарыздары есептен шығарылды.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңға сәйкес банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің алдындағы борыштар бойынша қолданылатын соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізеді.
Қазіргі уақытта павлодарлықтар соттан тыс банкроттыққа 2365 өтініш берді, оның 97-сі оң қаралды және есептен шығарылған қарыздар сомасы 151,6 млн.теңгені құрады. 100-ге жуық павлодарлықтар өтініштерді қайтарып алды, 1805 өтініштен шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды, 400-ден астамы қаржылық мониторингтен өтуде.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру рәсімі, жеке тұлғалардың банкроттық шарттары туралы ақпаратты павлодарлықтар Мемлекеттік кірістер органдарында, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әлеуметтік желілерінде: Instagram– https://www.instagram.com / pavlodar_mkd, Facebook – https://www.facebook.com / Павлодар облысы бойынша МКД; Telegram арнасы - https://t.me / Павлодар облысы бойынша МКД, Telegramда SalyqBot цифрлық салық кеңесшісін пайдалана отырып және байланыс орталығына 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы (қосымша сан 3) алуға құқылы.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы