
Павлодарда бірыңғай есеп күнін өткізді, оның негізгі мақсаты бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау, олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шараға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, бизнес-қоғамдастықтың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
– Мемлекет басшысының жыл сайынғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Жолдауында фискалды органдар мен салық төлеушілердің қарым-қатынасын қызмет көрсету үлгісіне көшірген жөн деп көрсетілген. Басты мақсат жазалау емес, ескерту болуы тиіс. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексі әзірленуде, онда салықтық әкімшілендіру бөлімін толық жаңарту жоспарлануда. Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов өз сөзінде.
Мемлекеттік органдардың өкілдері бизнес қойған барлық сұрақтарға жауап берді, өз кезегінде бизнес, мұндай іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы