Date of publication: 14.11.2023 17:06
Date of changing: 14.11.2023 17:07

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті павлодарлықтарды уақытша әкелінетін көліктерді кедендік рәсімдеуден және кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін сатып алуға шақырады.

Соңғы уақытта Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың жеке пайдалануы үшін көлік құралдарын әкеліп, кейіннен біздің азаматтарға сатып, ал өздерінің елден кетіп жатқан үрдісі байқалуда.

2023 жылдың басынан бастап Павлодар облысына 300-ге жуық шетелдік автокөліктер әкелінді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер ЕАЭО-ға кірмейтін елдер болып табылады). 1 жылды құрайтын уақытша әкелу мерзімінің аяқталуы бойынша автокөліктер ЕАЭО аумағынан шығуы қажет.

Уақытша әкелінген көліктерді тіркеуден шығара отырып, сатып алу-сату шарты негізінде сатып алу қажет. Ондай машиналарды кедендік тазалауды өткеннен, кедендік баждарды, салықтарды, бастапқы және іске жарату алымдарды төлегеннен кейін ғана пайдалануға болады.

Құрметті павлодарлықтар, сатып алатын көліктің шығу тегіне немесе заңдылығына күмәніңіз болса, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің кедендік әкімшілендіру басқармасына 8 (7182) 632277 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы басқармасы және Байланыс-орталығы