Date of publication: 17.11.2023 18:30
Date of changing: 17.11.2023 18:31

Павлодар облысы бойынша МКД мамандары қандастарды қолдау сұрақтары талқыланған дөңгелек үстелдің отырысына қатысты.

– Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанға келген кезде көлік құралдарын қоса алғанда жеке өзі пайдаланылатын мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босатылады, азаматтықты алумен байланысты барлық   нотариалдық әрекеттер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылатын тұлғалардың санатына кіреді. Сонымен бірге бекітілген үлгідегі куәлікке ие қандастар салық салу сұрақтарында ҚР азаматтарына теңестіріледі және ЖТС 10%, МӘМС ОСМС – 2%, МЗЖ– 10% мөлшерінде төленеді деп, – МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Галина Бирюкова атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанға қоныс аударған кезде этникалық қазақтарда туындайтын  сұрақтар мен қолдау шаралары талқыланды.

Іс-шара «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның павлодарлық филиалымен ұйымдастырылды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы