Date of publication: 20.11.2023 15:15
Date of changing: 20.11.2023 15:16

     Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер Комитетінде үздік салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

    «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» байқауының мақсаты: жоғары салық мәдениетін қалыптастыру, серіктестікті нығайту, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістерге деген ашықтығы мен сенімін арттыру.

     «Мониторингке жататын ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша «KDV Kazakhstan» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

     KDV Қазақстан Павлодар облысындағы ең ірі азық-түлік көтерме сауда кәсіпорындарының бірі болып табылады, оның бүкіл Қазақстан бойынша 17 филиалы бар! Кәсіпорында 1000-нан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олар жыл сайынғы сату көлемінің тұрақты өсуін және бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді. 2022 жылдың соңында компания 15 миллиардтан астам салық төледі!

     Марапаттау рәсіміне Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

     KDV Қазақстан командасын жеңісімен құттықтаймыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы