
Павлодарда "Batyr Mall" СОО алаңында "Заң консультациясы" акциясы өтті, оның барысында кез келген адам білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға сарапшы-кеңесшілер ретінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қатысты, олар құқықтық көмек көрсетіп, салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша кеңес берді.
Акция барысында 60-тан астам павлодарлық тегін заң көмегін алды.
Акция сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілерінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету және одан әрі ден қою шараларын түзету үшін қоғамның өзара іс-қимылының мәселелі аймақтарын анықтау.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы