
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар филиалында Ақсу қаласы мен Май ауданы маслихаттарының депутаттарының қатысуымен семинар өтті.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Галина Бирюкова Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу туралы айтып берді. Сондай-ақ, іс-шарада салық заңнамасының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы