
Достық үйінде бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Павлодар бизнес-қоғамдастығының өзекті мәселелерін талқылауға Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Кездесудің алдында кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті, оның барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қойылған барлық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі туралы еске салды, барлық ниет білдірушілерге 250.00 нысанындағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыруда консультациялық көмек көрсетілді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы